Басты бет Жаңалықтар Ақмолалық команда Республикалық олимпиадада жеңіске жетті

Ақмолалық команда Республикалық олимпиадада жеңіске жетті

Алматы қаласында 'Өзін-өзі тану" пәні бойынша "Мен Қазақстан азаматымын" тақырыбында республикалық олимпиадада өткізілді. Республиканың əр өңірінен жиналған 19 команда қатысқан жарыста Ақмола облысының командасы жүлдегер атанды.

©Өңірлік баспасөз

Ақмола облысының абыройын Көкшетау қаласындағы №14 орта мектептің өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі Лəззат Досанова  бастаған осы мектептің оқушылары Томирис Раш, Тамила Хайрушева, Айжан Чекушева қорғады.

Олимпиада жаңа форматта өтті. Онда командалар алдын ала берілген тақырыптар бойынша жоба дайындап, соны қорғаған болатын.

«Біз «Мен Қазақстан азаматымын» тақырыбында өзіміздің жобамызды қорғадық. Өзіміздің өмірлік ұстанымымыз бен, оймызды ашық айта алатын жəне командада жұмыс істей алатынымызды дəлелдедік», — дейді Тамила Хайрушева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version