Ақмола облысының абыройын Көкшетау қаласындағы №14 орта мектептің өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі Лəззат Досанова бастаған осы мектептің оқушылары Томирис Раш, Тамила Хайрушева, Айжан Чекушева қорғады.
Олимпиада жаңа форматта өтті. Онда командалар алдын ала берілген тақырыптар бойынша жоба дайындап, соны қорғаған болатын.
«Біз «Мен Қазақстан азаматымын» тақырыбында өзіміздің жобамызды қорғадық. Өзіміздің өмірлік ұстанымымыз бен, оймызды ашық айта алатын жəне командада жұмыс істей алатынымызды дəлелдедік», — дейді Тамила Хайрушева.