Басты бет Жаңалықтар Алматы студенттерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді

Алматы студенттерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді

Қараша айының 18-інші жұлдызында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

Теңбіл доп додасы Olzha Sports футбол алаңында (Жароков көшесі, 24/1) жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Жарыс сағат 08:00-де басталады.

Жарысқа тек жоғары оқу орындарының қыздары мен ұлдары ғана қатысуға мүмкіндік алады. Регламент бойынша жас айырмашылығы шектелмейді және де әр командада 7 ойыншыдан болуы керек. Ойындар Қазақстан чемпионаты ережесіне сәйкес ұйымдастырылатын болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медалдар табысталады, сонымен қатар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлақтар да таратылады.

«Спорттық Алматы» — алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама. Жылдың басынан бері осы бағдарлама аясында студенттер арасында көптеген спартакиадалар, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізілген болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version