Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында жаңа балабақша ашылды

Ақмола облысында жаңа балабақша ашылды

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында жаңа «Қарлығаш» балалар балабақшасы өз есігін ашты.

Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Балабақшада 80 бала тәрбиеленеді. Мұндағы төрт топтың екеуі мемлекеттік тілде, ал екеуі орыс тілінде білім алады. Әрбір топты кәсіби тәрбиешілер меңгеріп отыр. Екi қабатты ғимаратта орналасқан балабақша iшi жаңа жөндеуден өтіп, заманауи стильде көркемделген.

Сондай-ақ, ағылшын тілі мен би үйірмесін ұйымдастыру  және «Шебер қолдар» үйірмесі жоспарланып отыр.  Төрт мезгіл тамақтанумен қатар, болашақта балаларды автобуспен жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version