Басты бет Қоғам Қант диабетімен ауыратындарға арналған қосымша жасалады

Қант диабетімен ауыратындарға арналған қосымша жасалады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қант диабеті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар үшін мобильді қосымша əзірлеуге тапсырма берді.

©Hi-news.ru

«Бұл дəрігерлердің, эндокринолог мамандардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қосымша көмегімен көптеген мәселелер онлайн шешілуі мүмкін. Яғни, адамдарға ауруханаға келіп, кезекте тұру қажет болмайды», — деді Біртанов

Министрдің айтуынша, мобильді қосымша тексеру сапасын арттыруға, пациенттердің дəрі-дəрмекті уақытылы қабылдауын қадағалап, диета режимі мен дене белсенділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 300 мыңнан астам пациент қант диабетіне шалдыққан. Ал ауруы анықталмағандарды есептегенде олардың саны 2 есеге артуы мүмкін. Жəне пациенттер саны жыл санап артып келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version