Басты бет Жаңалықтар Алматыда 8 наурыз қарсаңында голланд раушандары екі есеге қымбаттап кетті

Алматыда 8 наурыз қарсаңында голланд раушандары екі есеге қымбаттап кетті

Алматылық голланд раушанын 1 мың теңгеден және одан да жоғары бағамен сатып алады, ал Астанада ол 2 есе арзан, деп көрсетілген ҚазТАГ тілшісінің халықаралық әйелдер күні қарсаңында жүргізген мониторингінде.

5 наурызда жүргізген мониторингке сәйкес, гүл базарында қазақстандық раушан гүлдерінң 1 данасы Алматыда 700 теңге, ал Астанада  500 теңге. Голланд раушаны үшін алматылықтар 1 мың төлесе, астаналықтар — 500 теңге төлейді.

Қызғалдақтардың 1 данасы  Астанада 500 теңгеден сатылып жатыр, ал Алматыда 500-600 теңге аралығында.

Ал лалагүлінің бағасы әр қалада әртүрлі. Сонымен Алматыда лалагүлінің бір данасы 2 мың теңге, Астанада — 1500 теңге. Бақытгүлінің бағасы Алматы мен Астанада бірдей  — 1 000 теңге.

Ең қымбат гүл әдеттегідей орхидея. Астанада орхидеяның бұтағы 10 мыңнан басталады, ал Алматыда екі есе қымбат: Бұтағы 20 мың теңге, ал гүл шоғы 15 мың теңге.

Атап өтелік, сенбі күні мерекелік гүл саудасы қызу жүруде, алайда әрине 8 наурыз күні баға шарықтай түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version