Басты бет Жаңалықтар 75 елдің ұлттық валютасы мен монетасы көрмеге қойылды

75 елдің ұлттық валютасы мен монетасы көрмеге қойылды

Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Теңге күніне орай көрме ұйымдастырылды.

©24.kz/kz

Шара барысында 75 елдің ұлттық валюталары  мен монеталары ұсынылды.

Келушілерді әсіресе ерте замандағы ақшалар қызықтырды. Олардың қатарында Ресей империясы, Чехословакия, Африка құрлығы елдері, тіпті Океания мемлекеттерінің валюталары да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы ең көне ақша 18-ші ғасырға тиесілі.

Айта кетейік, бұл – Павлодар география үйінің жеке коллекциясы. Алдағы уақытта жеке музей ашылмақ.

Анастасия Сасько, ұйымдастырушы:

Ең құнды дүниелердің қатарына бүгінде жер бетінде жоқ елдердің валюталарын жатқызамыз. Мәселен, коллекцияда бұрынғы Веймер, қазіргі Германияның айналымында болған монеталар бар. Сонымен қатар Зимбабве елінің айналымында болған 100 триллион доллар да қорымызда сақтаулы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version