Басты бет Жаңалықтар Астана тұрғыны атыраулық көпбалалы анаға Алматы облысындағы үйін беруге дайын екенін айтты

Астана тұрғыны атыраулық көпбалалы анаға Алматы облысындағы үйін беруге дайын екенін айтты

Атырауда жесір қалған алты баланың анасы әлеуметтік жағдайының тым нашарлығынан үш баласын интернатқа еріксіз өткізгендігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Тұрақты жұмысы жоқ әйелдің басында баспанасы да жоқ. Жергілікті биліктен қайыр болмағандықтан ол амалсыз халықтан көмек сұрады.

БАҚ өкілдері және әлеуметтік желілер арқылы тез тараған осынау жаңалықтан кейін Сандуғаш Ізбасоваға қол ұшын созамын деушілердің саны күрт артыпты. Солардың бірі — астаналық Қайрат Әмір есімді азамат. Ол Сандуғаш пен оның балаларына Алматы облысы Жетіген ауылындағы үйін тегін беруге дайын екенін айтып отыр. Тек бір ғана талабы бар: интернаттағы балаларын алып, Алматы облысына түбегейлі көшіп келу.

Дегенмен, көпбалалы анаға хабарласқанымызда ол өзге өңірге көшіп бара алмайтынын жеткізді.

«Әрине, мұндай жандардың табылып жатқанына Құдайға шүкір деймін, алғысым шексіз ол азаматқа. Алайда, ол жақта бірде-бір танысым жоқ, ағайын-туыстың бәрі Атырауда. Қолдағы балаларым әлі тым кішкентай, дәл қазір олармен Алматыға көшіп баруым екіталай болып тұр» деді Сандуғаш Ізбасова телефонмен берген сұхбатында.

Көпбалалы ананың айтуынша, оған көмектесемін деушілер таңертеңнен бері көптеп хабарласып жатыр екен. «Жергілікті тұрғындар кішкентайларға деп тамақ пен киім алып келіп жатыр» дейді ол. Ал, Атырау әкімдігіндегілер сол күйі жым-жырт.

10 пікір

  1. Туу Астанадан адал жүректі адамдар қол ұшын созып көмек беруге дайын екендігін айтқанда, өз Атырауымыздан осындай құдайға қараған ауқатты кəсіпкерлеріміз,не жоғарыда отырған ағаларымыз неге қол ұшын беріп көмектеспейді екен.Əттең,қолымда болса берер едім.Алла өзі жар болсын.

  2. Баласын интернатқа өткізуге мәжбүр болған ана жүрегі қарсы айрылған шығар?! Тағдыр тауқыметі оңай емес. Көмек қолын созған азаматтарға мың алғыс!

  3. Ағайын-туыстар осы жақта, таныстар жоқ деп қояды. Олар бар болса, неге балаларын жетімдер үйіне бергенге дейін қарап отыр? ондай ағайын не үміт, не қайыр? Ал, Қайрат Әмір деген азамат жомарттығын көрсетті. Оған мың алғыс, мың құрмет!

  4. Ағайын туыстарыкөп болса оларды қимас Неге көмектеседі….осы соңғы кезде тіпті көбейді Сонда Бала таптырғанды біледі ЕРКЕКТЕРІ қайда Сол еркектің Ағайындары қайла? Туыстары ше? Қайда ? Әлде ?

  5. Ондай азамат болганына мын да бир алгыс. ИншАЛЛА тек аман болсын. Алланын нуры жаусын

  6. Кең болсаң кем болмайсың дейді емеспе дана қазақ .Керемет жан екенсіз Алла сізді екі дүниенің нығыметіне бөлесін үлкен сауап іс жасадыңыз.

  7. Менiн досын Кайрат оте адал азамат,озiнiн 3 баласы бар карапайым отбасы,бундай журегiннiн кендiгiне Алла разы болсын Кайрат бауырым!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version