Тарақандар қайда кетті?

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы тұрғындарының басты мәселесі тарақан еді. Шақырылмаған қонақтан азық-түлікті қайда жасырып қоярын білмей, бас қатырып жүретін қала халқының кешегі күні келмеске кеткелі қашан...

Тарақандар
©klopam-net.ru

Иә, осыдан он-он бес жыл бұрын-ау, ұқыптылығы немiстен асып кететiн үйдiң өзiнен тарақанның бiреуі табылатын. Әсiресе, түннiң бiр мезгiлiнде ас үйдегi шамды жақсаңыз, тұс-тұстан жапа тармағай қашатын жәндіктердің бүгінде бірі жоқ. Неге? Негізі тарақандардың жойылуы қуанарлық емес, ойланарлық мәселе.

Тарақан – ежелгi қанатты жәндiктер тобына жатады. Алайда, палеонтологтар оның палеозой заманындағы қалдықтарын тапқанда да сол миллион жылдығыдан бұрынғы қалпынан өзгермегенiн анықтап отыр. Бұл олардың кез келген ыңғайсыз жағдайға төзiмдi екенiн айғақтайды.

Мәселен, олар адамға қарағанда кезкелген радиацияға 30 есе шыдамды келедi. Тiптi, ядролық соғыстан кейiн де өмiр сүре бередi. Ал ендi олардың бүгiнгi таңда жоғалып кетуiн зерттеуге келгенде тиiстi орындар дәрменсiз.

Сонымен, кешегi динозаврлар заманында да өмiр сүрген тарақандардың ХХI ғасырда қайда кетуі мүмкін? Ғалымдардың болжамы бойынша, олар өзге үй жануарлары тәрiздi бiр жамандықтың боларын сезiп, әлдебiр жаққа үдере көшкен де болуы мүмкiн… Немесе?

  • Байланыс құралдарының саны тым көбейгенде (радиацияның бөліну көптігінен);
  • Қаланың радиациялық және химиялық ластануының шектен тыс жағдайында;
  • Қала маңындағы әуе кеңістігінде озон қабаты тесілген жағдайда (тарақандардың биоритмін бұзады);
  • ГМО өнімдері аса көп жағдайда болғанда (тарақандар табиғи тамақ жейді);
  • Пластикалық және плассмассалық қалдықтар көп болса (тарақандарға одан бөлінетін газ өте қауіпті).

Жалпы, жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты аталмыш жәндiктi қызыл кiтапқа енгізіп те үлгердік. Бейресми дерек көзіне сүйенсек, миллиондаған «армиясы» бар қара және сары тарақандардың саны едәуiр қысқарғаны рас екен.

Қара тарақандар — оның iшiнде ең кәрiсi. Ол моңғол-татар шапқыншылығы кезiнен бар екен. Оның Отаны – кiшi және Орта Азия көрiнедi. Ал, сарылары болса, ХVIII ғасырдың ортасында орыс жерiнде орыс-прус соғысы кезiнде пайда болыпты. Қара тарақан 1960 жылдардан кейiн жоғала бастапты. Олардың жоғалып кетуiне сары ағайындары – прусактар көп еңбек сiңiрген.

Аяқ-асты тарақандар тақырыбын неге қозғады дейсіз бе? Ғалымдардың айтуы бойынша көптеген құстар тарақандарды қорек ету арқылы құс тұмауынан аман қалады екен. Яғни тараканның бойында бұл індетке қарсы имунитет бар деген сөз. Ал тарақан жоқ аймақтар бұл індетке бірінші ұшырайтын көрінеді.

Не десек те, 40 күн бассыз өмір сүре алатын,кезкелген радиацияға 30 есе шыдамды жәндіктердің қаламыздан жұмбақ жағдайда орын ауыстыруы үлкен сұрақ. Мүмкін, Алматы қаласының қаншалықты ластанып кеткендігін осыдан-ақ байқауға болатын шығар…

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!