Басты бетБастыАлашорда идеялары...

Алашорда идеялары ұлықталды

Жиынға Парламент депу­таттары, мемлекеттік орган­дар­дың басшылары, танымал қоғам қайраткерлері, алаштану­шы ғалымдар, еліміздің бар­лық өңірінен және басқа мем­ле­кеттерден келген ғылыми-шы­ғармашылық зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқып берді.

Онда «Алаш» қозғалысының ХХ ғасыр басын­дағы қазақ халқының саяси, әлеуметтік құқықтарын қорғау, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу жолындағы күресі елге қыз­мет етудің жарқын көрі­ніс­терінің бірі екені айтыл­ған. «Алаш» қозғалысының пас­сио­нар­лық идеялары біздің ата-баба­ларымыздың азаттық алып, дер­бес мемлекет құру жөніндегі сан ғасырлық арман-тілегімен ұштасып жатыр. Сол кездегі ұлт зиялылары аңсаған ел тәуелсіздігі мен ұлт бостандығына бүгінгі ұрпақ қол жеткізді.

Алашорда мен «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» идеяларының үндес­тігі халқымыздың бұрынғы және қазіргі мұраттарының сабақ­тастығын көрсетіп, бола­шақ­тағы орнықты дамуымыздың бағдары қызметін атқарады.

Конференция аясында «Ре­сей­дегі 1917 жылғы төңкерістер және Алашорда», «Алашорданың саяси тұғырнамасының жа­ңашыл идеялары: дамуы мен іске асуы» атты секция отырыстары өтті.

Дереккөзaikyn.kz