Қант диабетіне қарсы күрес күні
БҰҰ Бас Ассамблеяның 2006 жылғы 20 желтоқсандағы арнайы қарары бойынша дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні жарияланды. Атаулы күн 2007 жылдан бастап, жыл сайын 14 қараша күні аталып өтеді. Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күнін 1991 жылы IDF пен ДДСҰ өткізген. Оның мақсаты — дүние жүзін диабетке қарсы күреске жұмылдыру.
Халықаралық логопед күні
Тіл мүкістігі тек балаларда ғана емес, ересектерде де кездесуі мүмкін. Сол кезде көмекке логопедтер келеді. Олар кез келген жастағы науқастың дұрыс сөйлеуіне көмектеседі. Бұл дүниежүзілік мереке адамдардың ешқандай кедергісіз сөйлесуіне септігін тигізіп, қуаныш сыйлап жүрген мамандарға арналған.
Ресейде әлеуметтанушылар күні
Ресейде атаулы күн 1994 жылы бекітілген. Осы күннен бастап Санкт-Петербург университеті әлеуметтану факультетінде жыл сайын атап өтіледі. Ресейдегі тұңғыш академиялық әлеуметтану ғылымы да нақ осы жерде дүниеге келген.