Экскурсия мүмкіндігі шектеулі балаларға және жағдайы төмен отбасынан шыққан туристік клубтардың қатысышыларына арналған. Оған 50 бала қатысып, «Алтын Емел» ұлттық-табиғи паркімен танысып қайтты.
«Алматы облысында Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында 9 жоба дайындалды. Болашақта тағы да түрлі жобалар ұйымдастырылады деген сенімдемін», – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысының міндетін атқарушы Арқау Әсетұлы.