Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында «Кеңестік милицияға 100» медалдары табысталды

Медaльдармен барлығы 18 ардагер-полицей марапатталды. Бүгінде Болат Құжақовтың  басқарып отырған облыстық полицияның Ардагерлер кеңесінің құрамында 4 мың адам бар. Мерекеге орай Талдықорғанның өзінде және облыс орталығына жақын жерде тұратын зейнеткерлерге Ішкі істер департаментінде құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды.

«Бірінші кезекте аға ұрпаққа назар аудару керек. Ардагерлер кеңесі бізге барлық ардагерлерімізбен тығыз байланыс орнатуға көмектеседі, олардың әрқайсысы өзінің туған мекемесінің қолдауын сезеді. Ардагерлер кеңесі мүшелерінің қызметі көптеген жас қызметкерлерге үлгі бола алады», — деді Алматы облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бейбіт Келгенбаев.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерi Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құрмет көрсетті.