Нұрсұлтан Назарбаев: экономиканың әлсіреуіне Ресей мен Қытай ықпал етті

Қазақстан президенті ел экономикасына Қытайдағы экономикалық өсімнің баяулауы мен Ресейдегі тоқыраудың кері әсер еткенін мәлімдеді.

Астанада 2-наурызда дипломатиялық елшілік өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев: » Біздің «үлкен көршіміз» әрі сауда жағынан басты әріптесіміз Ресейдің экономикасының құлдырауы мен оған салынған санкциялар бізге де кесірін тигізді. Алыс-беріс 20-25 пайызға төмендеді.», — деп мәлімдеді.

— Қытайдағы экономикалық өсімнің тежелуі де бізге салдарын тигізеді. Бұл жағдайды мен «жаңа шынайы жағдай» деп атаймын, бәрімізге мұнай, газ, металл бағаларының төмендігіне үйренуге тура келеді — деді ол. — Бұл оңай емес. Жақсы өмірге адам тез үйренеді және өзін тоқтатуы қиын.

Президенттің айтуынша, бұған қарамастан биыл Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға контейнермен жүк тасымалдау көлемі екі есеге дейін өспек.

«Қазақстанның транзиттік аумақ ретіндегі маңызы айқын. Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы контейнерлер ағыны 2013 жылғы 6 000-нан 2015 жылы 48 000-ға дейін өсті, ал 2016 жылы оның саны 95 000 контейнерге жетеді, мұндай бұрын-соңды болған емес.», — деді Назарбаев.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сталкинг: аңдып жүрген адамды қалай жазалаймыз?

Әлемде әр оныншы әйел сталкингке ұшырайды. Baribar.kz психологпен және заңгермен сөйлесіп, мұндай қауіптен қалай қорғануға болатынын сұрап көрді.

Педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды.

Қазақстанның сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңына өзгеріс енді

Мемлекет басшысы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

ОСК: Сайлау күні құқық бұзған 42 адам жауапқа тартылды

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні тіркелген заңға қайшы әрекеттер туралы айтты.

Биыл 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы айтты.

Amanat партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.