Басты бет Жаңалықтар «QAZAQ 70» турниріне қатысатын спортшылар тізімі анықталды

«QAZAQ 70» турниріне қатысатын спортшылар тізімі анықталды

Алматыда қазақстандық жаңа промоушен AFC мен ресейлік Fight Nights промоутерлік компаниясы ұйымдастырған ММА QAZAQ 70 турнирінде өнер көрсететін барлық спортшылардың есімдері белгілі болды.

Турнирдің басты мақсаты — Қазақстандағы осы салмақтағы үздік спортшыны анықтау. Мықты деп танылған спортшы алдағы уақытта дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын болады.

QAZAQ 70 турнирі барысында 70 келідегі еліміздегі ең мықты спортшылар сегізбұрышқа шығады. Ал жеңімпаз 10 000 АҚШ долларын алады.

QAZAQ 70 турниріне қатысатын спортшылардың тізімі:

Артем Резников — Мырза Еркенбеков.
Тұтқа Нұржан — Еркін Талғатұлы.
Азамат Бахытов — Мұрат Бахторазов .
Нұржан Әкішев — Беймұрат Ниязов.
Медет Базарбеков — Олжас Есқараев.
Мұратбек Қасымбай — Жолдабай Нұржан.
Алтынбек Бақытгелдиевтің қарсыласы жарақатына байланысты турнирден шығып қалды. Енді оның орнына басқа спортшы шығады.

Айта кетейік, турнир 26 қараша күні «Алматы — Арена» спорт кешенінде Астана уақытымен 18:00-де басталады. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version