Басты бетЖаңалықтарАстанада «AQMOL»...

Астанада «AQMOL» сауда орны жұмыс істей бастады

Р.Қошқарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша орналасқан сауда үйінің ашылуы рəсіміне Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Ақмолалық тауар өндірушілердің өзіндік сауда желісін құру өнім өткізу мәселелерін шешуге көмектеседі, сонымен қатар делдалдарсыз төмен баға бойынша балғын әрі сапалы азық-түлік тауарларын алуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру барысында 1 кезеңде 3 дүкен ашуды көздеп отырмыз», деді Мəлік Мырзалин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Астана қаласында 2 кезеңде дүкендер желісін 10 сауда нүктелеріне дейін кеңейтілетінін,  Ақмола облысы тауар өндірушілердің көтерме сауда орталығын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бастапқы кезеңде құрылтайшы құрамына өңіріміздің он ірі тауарөндірушілері кірді. Бұл көкөніс, сут және ет өнімдерін, өсімдік майларын және белгілі брендтегі өнімдер шығаратын ЖШС «Агрофирма «Родина», ПК «Ижевский», «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод»,  «Айна» сауда үйі» және басқа да кәсіпорындары. Алдағы уақытта тауарөндірушілердің тізімі және тауар ассортименті кеңейе түспек.