Басты бет Жаңалықтар 11 қараша: Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

11 қараша: Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

11 қараша күні антициклонның әсеріне байланысты еліміздің көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек елдің батысы, шығысы және солтүстігінде жаңбыр болады. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлайды.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болатыны болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сонымен қатар бұрқасын соғып болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Қызылорда облысының біраз аудандарында жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version