Облыс аумағындағы барлығы 12 емдеу алдын алу мекемесі ғана маммографпен қамтамасыз етілген. Өңірдің 8 ауданында «КамАЗ» көлігіне орнатылған жылжымалы маммограф арқылы зерттеу жүргізіліп келеді.
Сүт безі обыры Ақмола облысында кеңінен тараған аурулардың бірінен саналады. Жыл сайын өңірде 200-ден астам әйелден түрлі деңгейде сүт безі обыры анықталады.
Сүт безінің обыры (СБО) – әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру. Оны ерте анықтап, алдын алу үшін әйелдер 40-жастан асқан соң міндетте түрде (скринингтік) маммографиялық тексерістен өтіп тұруы тиіс.
Сол себепті, бюджет қаражатына сатып алынған 62,5 миллион теңгенің жаңа жылжымалы маммографы шалғай елді мекендігінің әйелдеріне уақытылы тексерілуіне мүмкіндік береді. Маммограф арнайы электронды техникамен жабдықталған. Көлемі 1 сантимметрге дейінгі сүт безінің қатерлі ісігін анықтай алады. Бұл өз кезегінде әйелдердің өмірін сақтап, толық емделуіне мүмкіндік береді.