Сондай-ақ, өңірде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі ұйымдармен қамту, 5-6 жасар балаларды мектепалды даярлықпен қамту жоспары 100 пайызға орындалып отыр.
2016-2017 оқу жылында 237 түлек мектеп бітіріп, солардың 143-і Ұлттық бірыңғай тестіге қатысты. Бұл 60,3 пайыз көрсеткіш. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші 71,78 балды құрады. 8 оқушы «Алтын белгіні», 8 оқушы ерекше аттестатты ақтап шықты. Оның сыртында жазғы демалыс кезінде 3243 бала лагерлерде демалды. Жалпы, жазғы демалыспен аз қамтылған 761 отбасының, 315 көпбалалы отбасының ұл-қызы, 16 жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған, 192 даму мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылды, – деді Н.Қарағойшин.
Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындаған тапсырмалардың бірі – ҚР Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру екендігі белгілі.
Осы орайда 2016-2017 оқу жылынан бастап Жаңақала ауданының барлық мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілсе, 2017-2018 оқу жылында оған 2,5,7 сыныптар көшті. Осы бағдарлама негізінде аудан мектептерінің 891 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өтті. Қазіргі білім саласындағы талаптардың бірі үштілділікті дамыту десек, бұл мақсатта 52 мұғалім қайта даярлау курстарын ойдағыдай тәмамдап, бүгін таңда білім ошақтарында алға білімдерін оқушыларға жүйелі түрде беруде. Оған аудан бюджетінен 32 563,0 мың теңге қаржы жұмсалды.