«Сириядағы қақтығыс салдарының ауқымы өте кең. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері қоныс аударып жатқан осынша босқын мен келімсек болған емес», — деп атап өтті кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, ИСИМ-мен күрестегі халықаралық қауымдастықтың бытыраңқы іс-қимылын террористер пайдаланып отыр.
«Сондықтан мен БҰҰ-ның қамқорлығымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құруды ұсындым. Егер барлық елдер күш біріктірмесе, біз табысқа қол жеткізе алмаймыз», — деді елбасы.
«Біз Ресей мен АҚШ-тың Сирияда атысты тоқтату туралы келісімге келуін қолдаймыз. Барлық тараптарды қол жеткізген өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз», — деді президент.