Оның айтуынша, биыл жұқпалы аурулар көрсеткіші төмендеп, дифтерия, қызылша, қызамық, құтыру, тырысқақ, оба, күйдіргі, іш сүзегі, полиомиелит, безгек, сіреспе, жіті жұқпалы гепатиттің С, Е түрі тіркелген жоқ.
Күз бен қыста өршитін тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 60 мың доза, 52,2 млн теңгеге Ресейден шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Күні бүгін жергілікті бюджет пен жұмыс берушілер есебінен және ақылы негізде 65103 адам егілді, бұл — облыс халқының 10,2 пайызы.
Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін 2178 сынама алынса, соның 1729-ы — тағам, қалған 449-ы — басқа тауарлар. Сараптама нәтижесі бойынша 224 сәйкессіздік анықталып, оның 63-і тамақ өнімдері, 161-і тамақ өнімдері емес тауарлар екені белгілі болды. Биылғы он айда 2076 тексеру ұйымдастырылса, соның 1393-і ерекше тәртіп бойынша, 683-і жоспардан тыс тексерулер болды.
Жыл басынан бері 1152 айыппұл ( жалпы сомасы — 39 927 593 теңге) салынып, соның 952-сі (28 371 576 теңге) өндірілді. Осы мерзімде 23 іс сотқа беріліп, 6 іс бойынша өндіріс тоқтатылды, 17 іс бойынша тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.