Басты бет Басты Ағылшын тілі міндетті пән ретінде ҰБТ-ға енгізілуі мүмкін

Ағылшын тілі міндетті пән ретінде ҰБТ-ға енгізілуі мүмкін

Елiмiзде ағылшын тiлi Ұлттық бiрыңғай тестiлеудегi мiндеттi пән ретiнде енгiзiлуi мүмкiн. Бұл жөнiнде бүгiн президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Бiлiм және ғылым вице-министрi Такир Балықбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Бiз қазiр бiлiм беру бағдарламасының мазмұнын өзгертiп жатқан уақытта, әрине, Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiн жетiлдiру жайы да қолға алынады. Мұнда бiрнеше бағыт бар. Ең алдымен бiз ҰБТ-ны нақты бiр фактiлердi жаттаудан логикалық ойлау жағына қарай жетiлдiру жағын ойластырып жатырмыз. Ол үшiн бiз қазiр енгiзіп жатқан жекелген тапсырмалар бар. Сонымен қатар, ресейлiк әрiптестерiмiздiң тәжiрибесiн де енгiзбекпiз. Олар 2021 жылдан бастап ағылшын тiлiн енгiзгелi отыр. Сондықтан, ағылшын тiлi ҰБТ-дағы мiндеттi пән ретiнде енгiзiлуi әбден мүмкiн. Бұл қашан және қалай жүзеге асырылатыны алдағы уақытта белгiлi болады», — дейдi вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр ағылшын тілінде білім алғысы келетіндер үшін гранттар санының көбейетінін де мәлімдеді.

3 пікір

  1. Сұмдық.Балалар тіпті қазіргі ұбтны тапсыра алмай құлап асылып өліп жатыр,ал мыналардын істеп тұрғаны мынау.Бірінші қазақ тілін оқып үйреніп алсын балалар одан кейін ағылшынды көре жатармыз.Жылдан жылға ұбтны ақылға қонымсыз жасап жатыр жас өспірімдер мен түлектердің орнында болып көрсе ғой.Өмір сүруге желанияң болмай қалады!!ал не дейміз осылай балалардын обалына қалып қазақтың санын көбейтіңдер

  2. ЕНГІЗЕ САЛУ, ӨЗГЕРТЕ САЛУ ОҢАЙ АУЫЛДАҒЫ БАЛАЛАР НЕ ІСТЕЙДІ СОНДА?! ОЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫРМАЙДЫ МА?! ОСЫНДАЙ НЕГІЗСІЗ РЕФОРМАЛАР МЕМЛЕКЕТТІҢ БІЛІМ САПАСЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! ШҰБАРЛАНУДЫҢ НАҒЫЗ ТҮРІ СОНДА БОЛАДЫ

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version