Басты бетЖаңалықтарАлматыны жүз...

Алматыны жүз жылда болмаған жылымық жайлады

Ақпанның соңғы күндері күн күрт жылып кетіп, сынап бағаны +22 градусқа жуықтаған.

Соңғы рет қыстың аптап ыстығы Алматыда 1979 жылдың ақпан айында болыпты. Ол кезде термометр бағаны 19 градусты көрсеткен екен. Ал соңғы 3-4 күнде ауа райы тым жылып кеткендіктен, қала тұрғындары тіпті, жазғы киімге ауысып алған. Дегенмен, алматылықтар ертең абай болғаны жөн. Өйткені мұндай жағдайдан кейін солтүстіктен суық ауа массасы жетуі мүмкін. Жаңбыр жауып, Алматы облысының солтүстік аудандарында температура  -5  градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал бұл жолғы жылы күн райын Алматы метеостанциясы тарихи межеге балап отыр.

Гүлтаңсық Медеуова, «Қазгидромет» АҚ Алматы қалалық филиалының синоптигі:

-Бұның себебі, Қазақстанның оңтүстік аумақтарына Иран аумағынан келіп жеткен жылы ауа ағымдарының әсерінен деп айтуға болады. Сонымен қатар,  ақпан айының соңында өте жоғары ауа температурасымен тіркелуін сондай жылы қыстың нәтижесі деп айтуға болады.

ДереккөзКТК арнасы