Қосымшада еліміздің сокралды жерлері туралы мағлұматтар енгізілген. Бағдарлама белгілі бір нысан туралы ақпарат беріп қана қоймай, оған барар жолды сызып көрсетіп береді. Қазіргі таңда қосымшаға бір ғана Алматы облысының 36 тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталған. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстанның сакралды жерлері туралы ақпараттармен толықтырылатын болады.
Жобаның жетекшісі Бақтияр Рахматоллаевтың айтуынша, бағдарлама 3 тілде жұмыс істейтін болады.
«Егер қосымшаны Қазақстан аумағынан тыс жерде қолданушылар табылып жатса, біз ол жағын да қарастырып қойдық. Бағдарлама 3 тілде жұмыс істейтін болады. Ол — қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Аударма жұмыстарымен университеттің филология факультеті айналысып жатыр», — дейді жобаның жетекшісі Бақтияр Рахматоллаев.
Айта кетейік, қосымша ISO және Android платформаларына лайықты етіп құрастырған.