«Жаңа бақытпен» («С Новым счастьем!») фильмі «Қыз ұзату» дәстүрін өткізу жайында баяндайтын ток-шоу жасауды ұйғарған жас продюсерлер туралы болмақ. Шоудың кейіпкерлері — жасырын камераға түсірілген шынайы отбасылар. Отбасылар өздері байқамай, үйлерінде болып жатқан у-шудың нағыз бейнесін көрсетеді. Оқиғалардың барлығы Наурыз мерекесі қарсаңында болған.
Жобаның қоюшы-операторы — Саят Жанғазинов. Продюсерлері — Айдархан Әділбаев, Фархат Әбдірайымов пен Ескендір Нұрберген.
Айта кетейік, аталмыш комедияның түсірілімі Алматыда өтіп жатыр.