Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшыларынан ойсырай ұтылғанымыз ұят болды

«Балалар үмітті ақтамады, ұятқа қалдырды. 49 келідегі Теміртас Жүсіпов өзінің ұтылатынын білді де, түк істеген жоқ. Ол осы салмақтағы Азия чемпионы ретінде, Қазақстан құрамасының екінші нөмірлі боксшысы ретінде ештеңе істей алмады. Мейірболат Тойытовтың бар күші сарқылған секілді. Ол өте ұят жағдайда жеңілді. Қарсыласы өзінен әлдеқайда жас спортшы еді…Асхат Уәлихановтың да қарсыласы өте жас, ересектер арасына енді ғана өткен боксшы. Оның жеңе алмағанына қарағанда, Асхаттың да бокстағы дәурені бітуге жақын сияқты. Мен біздің жігіттер 3:2 есебімен жеңеді деп ойлағанмын», — дейді Айтжанов.

Еске сала кетейік, «Астана арландары» өзбек боксшыларынан 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

ДереккөзNUR.KZ