Нұрсұлтан Назарбаев барлық әріптестерінен кешірім сұрады

«Қазір жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп жатыр. Соғыс болмаса да, соғыс болғандай қан төгілуде. Миллиондаған адам босып, елдерінен қашып жатыр. Алауыздық артып, қақтығыстар көбейіп, ел қырылып жатыр. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздері жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды мезет», — дейді елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға өзара сыйластық пен құрмет бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел болмақ.

«Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгін егер де кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса, бәрін кешіруі қажет. Мен бүгін өзімнің барлық әріптесімнен кешірім сұрадым. Жұмыс бабымен ренжіп, ұрысқан болсам, көңілдерін түсірген болсам, бүгіннен бастап бәрін кешіріп, жаңа қарым-қатынаста бастайық», — деді президент.

Айта кетейік, биыл 14 қаңтарда президент бірінші наурызды Алғыс айту күні ретінде белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін ел халқы бұл мейрамды алғаш рет атап өтіп отыр.

ДереккөзBnews

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

5 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300-дің презентациясы өтті

Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцерннің презентациясы өтті.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.