Азия чемпионатында Валентина Хальзова (69 келі) шаршы алаңға соңғы болып шығып, күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Қытай боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасып, қарсыласын жол беріп қойды.
Бұған дейін 64 келі салмақтағы Мадина Нұршаева ақтық сында қытайлық Ду Данды айқын басымдықпен ұтып, «алтын» иеленген болатын.
Кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар салған.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын алты медальмен аяқтады.