Басты бет Жаңалықтар БАҚ сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің еңбекақысы кемиді — Дәурен Абаев

БАҚ сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің еңбекақысы кемиді — Дәурен Абаев

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ-пен өзара іс-қимыл үшін меморгандардың жауапкершілігі артатынын айтты.

Дәурен Абаев. Фото: Аkorda.kz

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап беру жағдайына байланысты болады.

«Қызмет тиімділігін бағалауды бонустық-балдық жүйеге байланыстырамыз. Яғни егер де ол жауап бермесе, оның рейтингі төмендейді, сәйкесінше еңбекақысы да азаяды. Бізде ақпаратқа қол жеткізу заңы бар, онда меморгандар қызметінің тиімділігін бағалуды ескеретін бөлім қамтылған. Басшысы қызметкердің жұмысындағы тиімділіктің негізгі көрсеткішін қарайтын болады. Критерийлердің бірі ретінде БАҚ-пен жұмыс болады. Сонымен қатар ол оны қызметінен де босата да алады»,-деді министр Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version