Әлемнің ең табысты боксшылары анықталды

Forbes.com тілшісі Джош Кацовиц салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең табысты боксшыларының жаңарған рейтингін жариялады.

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және  IBO чемпионы Геннадий Головкин тізімде үшінші орынды иеленді. Отандасымыз өткен айда екінші орыннан көрінген болатын.

«Головкин Альваресті жеңіп, 3 миллион долларды қалтасына басқан жағдайда рейтингте бірінші болар еді. Алайда олар тең түскендіктен, «Канело» өз орнын сақтап қалды», – дейді.

1. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)

2.Энтони Джошуа (20-0, 20 КО)

3.Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)

4.Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)

5.Василий Ломаченко (9-1, 7 КО)

6.Эррол Спенс (22-0, 19 КО)

7.Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО)

8.Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО)

9.Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО)