Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 көрмесіне шақыруға ниетті

Қазақстан Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 көрмесіне шақыруға ниетті

Қазақстанда актер Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 халықаралық көрмесіне шақыру жөніндегі келіссөздер жүргізу басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының" жетекшісі Салтанат Рахымбекова айтып берді.

Осыған дейін ол «Астана EXPO-2017» ҰҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.

«(…) Леонардо Ди Каприо ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ерен еңбек етіп жатыр. (…) Әрине, біз оларға шақырту жібереміз (БҰҰ елшілеріне — Авт.), Ди Каприоны шақырамыз, ол климат проблемалары жөніндегі елші ғой, ол біздің шараға келуге міндетті», — деген еді ол.

«Бұл қоғамдық ұйым, ол қабылдай ма, келісім бере ме — бұл бөлек мәселе. Бірақ біз бұл іспен айналысамыз, оның сондай танымал актер болғаны үшін емес, осы мәселеде кәсіби түрде айналысып жүрген елшілердің бірі әрі ол келе алады. 22 сәуірде Нью-Йоркте климат бойынша Париж тарихи келісіміне қол қою рәсімі өтеді. Мұнда климатты өзгерту бойынша жаңа міндеттемелерге қол қойылады. Шараға климаттың өзгеруіне бей-жай қарай алмайтын қоғам қайраткерлері, танымал адамдар қатысады. Содан кейін Ди Каприомен келіссөздер жүргізу басталады», — деді Рахымбекова.

Сонымен қатар, олар бизнесмен әрі Нью-Йорктің 108-ші мэрі Майкл Блумбергті де шақыруды көздеп отыр. «Біздің көрме үшін ол қажетті адам», — деді ол.

Айта кетейік, 29 ақпанда Леонардо Ди Каприо «Оскар» жүлдесін алған болатын. Сыйлықты алып тұрып сөйлеген сөзінде ол климаттың өзгеруі мәселесін айтқан еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version