Қазақстанда алғаш рет 1 наурыз «Алғыс айту күні» аталып өтуде

1995 жылдың 1 наурызында елімізде  Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде  төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.

Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан — азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.

Бұл күні Астанада көптеген шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр. Ұлттық ұлан әскері қолбасшылығы Алғыс айту күніне тақырыптық кеш өткізгелі отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мұражайға кітапты сыйға тарту» шарасы өтеді. «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақфильм» студиясы шығарған «Анаға апарар жол» фильмінің премьерасы өтпек.

Сондай-ақ осындай мәдени-бұқаралық шаралар еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ГОК» — шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелейтін фильм

«ГОК» - Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды фильм. Фильм бүгін, 25 мамырдан бастап прокатқа шығады. 

Елімізде алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар өзгереді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.