Түркістанда «Рәміздер алаңы» аллеясы ашылды

«Рәміздер алаңында» көк аспанды тіліп ұшқан қыранның, жер мен көктің арасында қалықтаған тұлпардың, сондай-ақ Әнұранның биік тұғыры орнаған. Мұнда елдік мұратты меңзеген қанатты сөздер арнайы тастақтаға жазылған. Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының киелі шаһарда бой тіктеуі — рухани жаңғырудың алғашқы қадамдары деуге болады. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған. Су сылдырымен әсем үндескен, әуезді субұрқақ та алаңның көркіне әр беріп тұр. Осылайша тарихи қала қарыштап дамып келеді.

Рәміздер алаңы аллеясы
©inform.kz

«Қасиетті Түркістан шаһарымыздың бас қақпасының кіреберісіндегі «Рәміздер алаңы» аллеясының ашылуы халыққа үлкен қуаныш сыйлап отыр. Неге десеңіз бұрын бұл жерлер шаңы шығып, бос жататын. Қазір жергілікті биліктің қолға алуымен, «Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында бұл үлкен бір игілікті істің бастауы болды»,- дейді қала тұрғыны Әбдірахман Қыдырбек.

Дереккөзinform.kz