Басты бетҚуандық Бишімбаевтың...

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот талқылауы басталды

Талқылауда аудио және бейнежазба жүргізуге рұқсат етілген. Демек, сот отырысы ашық тәртіпте өтеді.

Аталған іске қатысты алдын ала сот тыңдалымы 31 қазан күні өтті. Тыңдалымда іс бойынша күдіктілер тізімі жарияланды. Күдіктілердің көпшілігі «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бұрынғы қызметкерлері болып шықты. Олардың қатарында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев, оның орынбасары Аслан Жақыпов, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ департаментінің бұрынғы басшысы Бауыржан Әйтімбетов, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ дирекциясының бұрынғы директоры Сәдуақас Сапарымбетов және «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарушы директорлары болып жұмыс істеген Дельрух Анарбай мен Ғазиз Сариев бар.

Биылғы жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын.

ДереккөзInform.kz