2019 жылы Ыстанбұлда Опера театры ашылады

Жобаның таныстырылымына ел президенті Режеп Тайип Ердоған қатысты. Шарада Түркия президенті ірі мегаполисте жаңа опера театры 2019 жылға қарай ашылатынын айтты.

Сондай-ақ, мәдениет саласындағы қазіргі ахуал түбегейлі өзгеруі тиіс екенін атап өтті. Түркия президентінің сөзіне қарағанда, Ататүрік атындағы жаңа Мәдениет орталығы Ыстанбұлдың символына айналады.

Дереккөзinform.kz