Тамақ, киім, косметика, пәтерді жалға алу, көлік шығындары, мектеп пен балабақша төлемдерін есептей келе, әлемдегі ең қымбат он қала анықталған.
Қымбат қалалардың көршілігі азиялық мегаполистер. Нәтиже бойынша бірінші орында Сингапур, екінші орында Гонконг, үшінші — швейцариялық Цюрих. Одан кейін жапондық Токио мен Осака қалалары қымбат деп түйінделді.
Ал Еуропа жерінде тек Париж ғана тізімге еніп, 10-орынға тұрақтады.
Сингапур қатарынан төртінші жыл ең қымбат қала аталып отыр. Мұнда киім мен автомобильдер құны аса жоғары.