Басты бетЖаңалықтар10 қарашада "Қазақстанның 100 жаңа есімі" анықталады

10 қарашада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталады

Жобаға дауыс беру 100esim.el.kz сайтында 18 қазан күні басталған болатын. Онлайн дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінген. Яғни, ғылым — 45 адам, спорт — 42 адам, қоғам — 86 адам, медицина — 46 адам, мәдениет — 37 адам және бизнес — 46 адамның қазіргі таңда «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарынан көрінуге мүмкіндіктері бар.

Айта кетейік, дауыс беруге ұсынылған кандидаттар Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарын қамтиды.

ДереккөзKazinform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да