Қазір өңіраралық жоба әзірленіп жатыр. Агломерация ретінде облыс орталығына Арыс қаласы мен іргелес 7 ауданның бірқатар аумағы қосылады.
Қазір бұл аймақта 1,8 миллион адам тұрады. Ал 2030 жылға қарай тұрғындар саны 2,3 миллионға жетуі тиіс. Ішкі миграция тек Шымкентке қарай бағытталмауы үшін контмагнит қала ретінде аудан орталықтары да тұрғындар үшін мейлінше ыңғайлы жасақталады.
Шымқалада көлік кептелісі болмауы үшін айналма жолдар салынып, теміржол вокзалы қаланың сырт бөлігіне орналасады. Жоба желтоқсан айында Үкіметке ұсынылмақ.
Тұрлыбек Мұсабаев, Республикалық Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры: Агломерацияның тұрғын үй қоры 30,6 миллионнан 59 миллион шаршы метрге дейін өседі. Сол кезде әр адамға 26 шаршы метрден келетін болады. Сосын бүлдіршіндерді балабақшаман қамту 100%-ға жетеді деп жоспарланған. Үш ауысымды мектептер де болмайды.