«Хабар» агенттігі Азия-Тынық мұхиты телерадиосының марапатын иеленді

Республикалық «Хабар» Агенттігі Азия-Тынық мұхиты телерадио тарату одағының арнайы жүлдесін жеңіп алды. Салтанатты марапаттау рәсімі одақтың 54-бас ассамблеясының жиынында табысталды.

©24.kz

Шара Қытайдың Чэнду қаласында өтті. «Хабар» Агенттігінің төл өнімі әлемдегі xабар таратушы үлкен сегіз одақтың үштігіне кіретін АВU марапатын алып отыр. Cычуань провинциясының Чэнду қаласында Азия-Тынық мұхиты Телерадио хабарын тарату одағына мүше елдер арасында 54-бас ассамблеясы өтіп, оның аясында бірқатар үздік ақпарат құралдары марапатталды.

Байқауға “Хабар” агенттігі «Өгей жүрек» телехикаясын ұсынды.

ABU одағының бас xатшысы Джавад Моттаxи “Хабар” агенттігі бұл ұйымға кірген Қазақстандағы алғашқы арна екенін айтты.

«Хабар» Агенттігінің биыл біздің бас ассамблеяға қатысқанына өте қуаныштымын. Мен сіздердің арналарыңыз барлық салада, кездесулерде белсенді болғанын байқадым. Келесі жолы осы салтанатты шараға тағы шақырамын. Болашақта әріптестікті одан әрі тереңдетеміз де ойлаймын. «Хабар» Агенттігінің мүмкіндігі жоғары екенін көріп тұрмын. Сонымен қатар өткен жылдан бері «Хабар» арнасы – Еуропалық телерадиотарату одағының да толыққанды мүшесі. Біздің Агенттік – телевизия саласындағы әлемдегі ең үлкен ұйымға енген Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз телекомпания. Аталған медиаұйымда Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африканың 56 мемлекетінен 70-тен астам теле және радио компания бар”, – деді ол.

Айта кетейік, «Хабар» агенттігі «Үздік драма» номинациясы бойынша әділқазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.