Жақсы пиар маман болудың 10 ережесі

Қоғаммен байланыстың кез-келген салада алар орны ерекше. Пиар маман бұл саланы меңгеріп қана қоймай, біз ұсынғалы отырған қағидаларды да ұстануы өте маңызды. Олай болса, сіздерге жақсы пиар маманы атанудың 10 ережесін ұсынамыз.

Пиар
©sovetreklama.org

Аңыз адам ретінде қалыптасыңыз

Егер сіз белсенді болғыңыз келсе, әуелі өзіңіз қызықты бола түсіңіз. Өмірбаяңызға өзіңіз туралы қызықты деректерді қосыңыз.

Мысалы, жетістіке қалай жеткеңізді, ата-анаңыздың махаббаты қандай екенін айтып беріңіз. Бауырларыңыз бен өмірде кездескен қиындықтарыңыз туралы да жазыңыз. Көп жетістке жеткен жандар аула сыпырушы болғанынан бастап, қалай байығанына дейін баяндап отырады.

Өзіңнен ештеңе аямаңыз

Танымал тележүргізуші Андрей Малахов: «Егер менде қосымша ақша болса, мен оны өзіме жұмсаймын» дейді. Киген киіміңізбен сыртқы болмысыңызға аса мән беріңіз.

Айналаңызды адал жандармен толықтырыңыз

Спортшы, музыкант немесе сахнаға шығатын адамдардың жанында әркез менеджері, баспасөз өкілі немесе PR қызметкері жүреді. Ол тек әншілерде ғана емес, белгілі бизнесмендерде де бар. Қайда барса да күзетшілері мен стилистерін өзімен бірге ап жүреді.

БАҚ құралдарымен тікелей байланыс орнатыңыз

Алдымен, іскерлік кестеге іліну оңайға түспейді. Талпын! Аз ғана қаражатқа болса да, сіз баспасөзбен тікелей байланыс орнатуыңыз қажет.  Өйткені, сіздің ақпаратыңызды пиар ретінде таратуыңыз қажет. Жұмысыңыз осы пиардың арқасында өрге жүзе бастаса оған қатысы бар адамға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Әдемі мейрамханаға шақырып қонақтасаңыз, болашақта сізбен бірігіп, одан әрі үлкен қызмет атқаратын болады.

Ғаламтор заманы

Ақпарат кеңестігін өзіңізбен толықтырыңыз. Танымал адамның өзінің веб-сайты болады. Бүгінгі таңда оның дайын үлгілері де бар. Оны таңдау өте қиын. Шын мәнінде, танымал тұлғаға ол туралы жаңалықтар мен фотосуреттер байланыс үшін керек. Сіз онда өзіңіз туралы ғана емес, табысыңыз бен жоспарларыңыз туралы жаза аласыз.

Аптасына он оқиға

Кез-келген жаңалықтарға, көңілді кештерге бару қаражатты құрағанымен, барғаныңыз орынды. Онда сіз жаңа таныс адамдармен кездесіп, іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік аласыз. Алғашқы кездесуде ақ сол үшін жасалған визиткаңызды  беруге еш қысылмаңыз.

Ерекшеленіңіз

Сіз туралы әңгімелесу үшін сіз ерекше нәрсе істеуіңіз керек. Киіміңіздің стилін өзгертіп, басқалардан ерекшеленіңіз. Әрине, өзіңіздің стиліңді табу оңай емес. Алайда, оған күш жұмсаңыз.

Талантыңызды ашыңыз

Әдептілік – бұл пиар менеджерге керек дүние.Саяхатшылар кітаптар жазады, ән айтады, спортшылар саясатқа барады. Ал эстрада жұлдыздары спортты жақсы көреді. Атақты адамдар үшін ешқандай шектеулер де жоқ, шекара да жоқ. Олар кітап оқиды, сурет салады, түрлі фильмдер тамашалайды. Басқа талантты жандар жаңа талантын ашуға жұмыстанады. Өздерін қызықтыратын дүниемен айналысады.

Оқиғалардың шебері болыңыз

Тәжірибелі пиар сарапшылары кез-келген кішкентай жаңалықтан, үлкен оқиға жасайды. Сіз де осылай қызмет етіңіз. Егер сіздің туған күніңіз өтсе, ол өте шулы өту керек. Жаңа бір дүние шықса, сіз үндемей қалмаңыз. Уақытты жоғалтпас үшін баспасөз мәслихатын немесе таныстырылымын жасаңыз. Онда залды толтырмай,  тек журналистерді шақырсаңыз жеткілікті.

Өзіңіз туралы қауесет таратыңыз

Артеми Лебедев, Алла Пугачева, Роман Абрамович, Земфира …Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Сен туралы бүгін сөз қозғалса, демек сен танымалсың. Шындығында, танымал жұлдыздар өзі туралы ақпаратты өздері жариялайды. Сен танымалсың ба? Онда үнсіз қалма. Бұл пиардың бір бөлігі.