Соңғы турдың соңғы минуттарында павлодарлық команда «Шахтерды» сан соқтырып кетті.
Премьер-лигада төртінші орын алуға «Ертіс» пен «Тобыл» үмітті еді. Қостанайлық команда соңғы турда «Атырауды» 2:0 есебімен ұтқанмен, Еуропа лигасына жолдама ала алмады. «Ертістен» 1 ұпайға қалып қойды. «Ертіс» жолдаманы соңғы сәтте иеленді.
Карлос Фонсеканың қосымша уақытта соққан голы павлодарлық команда мен жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады.