Атырауда 75 отбасы баспаналы болды

Бұл жоба арқылы 68 отбасы жаңа пәтерге қоныстанса, тағы 8-і жыл соңына дейін баспаналы болады. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушы тұрғындарды әсіресе 10%-дық үстеме ақы жүйесі қуантып отыр.

Лаура Ғайнуллина 2009 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Көпбалалы отбасы баспана тауқыметін аз көрген жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасына Лаура ғаламтор арқылы өтініш берген.  Құжаттары екі аптаның ішінде қаралып, банктің келісімінен кейін көп уақыт өтпей-ақ жайлы пәтерге ие болды.

Лаура Ғайнуллина, қала тұрғыны: Өте қуаныштымыз. Бұл бағдарлама болмағанда, әлі күнге пәтер жалдап жүрер едік. Банктер де мұнда төмен пайызбен несие бермес еді. Жаңа бағдарламаның арқасында көп ақшамызды үнемдейтін болдық. Мемлекеттік бағдарламаның басты талабы жылдық пайыздық үстемақы 10%-дан аспауы тиіс. Ал қалған 7%-ды мемлекет өтеп береді. Жаңа жоба еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылысының дамуына толық мүмкіндік береді.

Мәлік Аманов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: Биыл 37 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Оның 29-ы, яғни 1617 пәтер қолданысқа берілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады. Қазір мемлекеттік бағдарлама аясында облыс орталығындағы «Береке», «Нұрсая» шағынаудандарында көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 43 көпқабатты үйдің іргетасы қаланып үлгереді. Бұл үйлері келер жылдың алғашқы жарты жылдығында қолданысқа беріледі.

Дереккөз24.kz