Басты бетЖаңалықтарАтырау облысында...

Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 75 отбасына баспана беріледі

Аймақта ипотекалық қарыздарды субсидиялайтын жаңа бағдарлама жергілікті тұрғындар арасында зор сұранысқа ие. Мемлекеттік қолдауға ие болған 68 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы да жеті отбасы баспаналы болады.

Бағдарлама операторларының айтуынша, қатысушыларды 10% сыйақы мөлшерле-месі мен мемлекет тарапынан ұсынылатын субсидия сынды тиімді шарттар  қатты қызықтырады екен.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бері  коммерциялық банктердегі ипотекалық қарызды субсидиялау науқаны бастау алған. Субсидияланатын қарыз  төлемі 10 пайызды құраса, қалған бөлігін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» төлейді. Бір ерекшелігі, несие алар кезде қарыз алушы банкке комиссиялық жарна төлемейді, — дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Атырау аймақтық бөлімшесінің директоры Əлімжан Дабысов.

Айта кетейік, Атырау облысында əлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға несиелік жəне жалға берілетін мың жарым пəтер салу жоспарлануда.

Дереккөзatr.kz