Басты бет Жаңалықтар Олжас Сүлейменов Жапонияның арнайы медалімен марапатталмақ

Олжас Сүлейменов Жапонияның арнайы медалімен марапатталмақ

Жапония үкіметі танымал қазақстандық қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовті арнайы орденмен марапаттайды.

©Kazinform.kz

Жапон елшілігінің хабарлауынша, медаль «Күншығыс ордені, Алтын шуақ» деп аталады.

«Бүгін Жапония үкіметі 2017 жылдың күзінде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялайды. Орден иегерлерінің арасында ҚР азаматы, Невада Семей халықаралық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов те бар. Марапат «Күншығыс ордені, Алтын шуақ», — деп хабарлады жапон елшілігінен.

Айта кетейік, Жапония императорының атынан берілетін орденмен Жапониямен достық қатынасты дамытуға үлес қосқан шетелдік азаматтар марапатталмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version