Басты бетЖаңалықтарОлжас Сүлейменов...

Олжас Сүлейменов Жапонияның арнайы медалімен марапатталмақ

Жапон елшілігінің хабарлауынша, медаль «Күншығыс ордені, Алтын шуақ» деп аталады.

«Бүгін Жапония үкіметі 2017 жылдың күзінде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялайды. Орден иегерлерінің арасында ҚР азаматы, Невада Семей халықаралық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов те бар. Марапат «Күншығыс ордені, Алтын шуақ», — деп хабарлады жапон елшілігінен.

Айта кетейік, Жапония императорының атынан берілетін орденмен Жапониямен достық қатынасты дамытуға үлес қосқан шетелдік азаматтар марапатталмақ.

ДереккөзKazinform.kz