Астанада халықаралық «Шабыт» өнер фестивалі басталды

Шара 5 күн бойы жалғасады. Биыл байқауға қатысушылар «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк», «Актерлік шеберлік» және «Үздік әдеби шығарма» аталымдары бойынша бағын сынап көреді. Фестиваль аясында өнер көрестуге 515 адам өтініш білдірді. Олардың бестен бір бөлігі – астаналықтар. Үміткерлердің жасы 16 мен 32 жас аралығында.

Жеңімпаздарды алыс-жақын шетелден келген қазылар алқасы анықтайтын болады. Олар – Мексика, Украина, Сербия, Армения, Македония, АҚШ, Иордания мемлекеттерінің өнер майталмандары.

Айта кетейік, «Шабыт» фестивалі – отандық өнер саласындағы ең маңызды шаралардың бірі.

Дереккөз24.kz