Басты бет Жаңалықтар Астанада әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге қаржы бөлінді

Астанада әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге қаржы бөлінді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге 2017-2018 оқу жылында университеттің «Даму» қорынан арнайы стипендия тағайындалды.

©Egemen.kz

Университетте білім алып жүрген әлеуметтік жағынан аз қамтылған әр студентке қысқы киім алып беру мақсатында қаржылай көмек бөлінді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлының айтуынша, «Даму» қоры оқу орнының 60 жылдығына орай осындай іс-шара ұйымдастырып отыр.

«Бұл қаражат университет жанынан арнайы құрылған «Даму» қорынан бөлініп отыр. «Даму» қорына келіп түскен қаражаттың барлығы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығы аясында түлектеріміз қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын айта кету орынды. Тағдырдың жазуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, және әлеуметтік аз қамтылған студенттерімізді біз ешқашан ұмытпаймыз. Сондықтан біз оларға үнемі барынша қолдау көрсетіп отырмыз», — дейді университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version