Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі мерекелік күндер тізбесі бекітілді

Еліміздегі мерекелік күндер тізбесі бекітілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 31 қазан күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді.

Атап айтқанда, еліміздегі мерекелер қатарына төмендегі күндер белгіленді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар;

2. Алғыс айту күні — 1 наурыз;

3. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі;

4. Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі;

5. Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір;

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір;

7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр;

8. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;

9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі;

10. Қазақстан Республикасы рәміздері күні — 4 маусым;

11. Эколог күні — 5 маусым;

12. Полиция күні — 23 маусым;

13. Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым;

14. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні — маусымның екінші жексенбісі;

15. Медицина қызметкері күні — маусымның үшінші жексенбісі;

16. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні — 28 маусым;

17. Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде;

18. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні — 13 шілде;

19. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні — шілденің екінші жексенбісі;

20. Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі;

21. Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі;

22. Көлік қызметкерлері күні — тамыздың бірінші жексенбісі;

23. Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі;

24. Шекарашы күні — 18 тамыз;

25. Спорт күні — тамыздың үшінші жексенбісі;

26. Шахтер күні — тамыздың соңғы жексенбісі;

27. Білім күні — 1 қыркүйек;

28. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі;

29. Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;

30. Қазақстан халқы тілдерінің күні — қыркүйектің үшінші жексенбісі;

31. Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек;

32. Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек;

33. Машина құрастырушылар күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;

34. Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;

35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні — 6 қазан;

36. Ұстаздар күні — қазанның бірінші жексенбісі;

37. Құтқарушы күні — 19 қазан;

38. Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі;

39. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі;

40. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні — 29 қазан;

41. Сыртқы барлау күні — 5 қараша;

42. Статистика күні — 8 қараша;

43. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша;

44. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі;

45. Прокуратура күні — 6 желтоқсан;

46. Энергетик күні — желтоқсанның үшінші жексенбісі.

Айта кетейік, қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version