Kcell LTE сынамалық аймақтарын іске қосты

«Кселл» компаниясынан LTE сынамалық аймақтары «MEGA Алматы», «MEGA Астана», «MEGA Шымкент», «MEGA Ақтөбе», сондай-ақ Алматыда  «Dostyk Plaza»  сауда орталықтарының ішінде орналасқан. Компанияның абоненттері осы сауда орталықтарында болу кезінде өз смартфондарына LTE қоса алады, ал жаңа технология бойынша осы шопинг-моллдарда орналасқан Kcell Store кеңестер ала алады.

— Біз өз клиенттеріміз үшін жаңа технологиямен танысу, оны сынап көру және оның басымдылықтарын 3G желісімен салыстыру мүмкіндігін беру үшін LTE сынамалық аймақтарын аша алғанымызға қуаныштымыз. Біз өз сынамалық аймақтарымызды бұл қалалардың тұрғындарының арасында демалыс, сауда жасау және ойын-сауық үшін кеңінен танымал  болған сауда орталықтарында орналастырдық. Бұл бізге LTE арқылы мобильдік интернетті пайдаланудың қолайлылығына қатысты өз клиенттерімізден барынша көп пікірлерді жинау, және өз желімізде LTE барынша мүмкін болатын сапамен ауқымды іске қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

LTE режімінде компанияның абоненттері бұрын қосылған интернет-қызметтер мен тарифтік жоспарларды пайдалана отырып,  кез келген Интернет-ресурстарға қосыла алады. Осылайша, мобильдік интернет үшін тарифтеу абонент үшін стандартты режімде жүргізілетін болады.  LTE қосылу үшін компания өз абоненттеріне бұл технологияның өздерінің   SIM-карталарымен қолдайтындығын тексеруге кеңес береді. Бұл үшін  USSD *256#  командасын теру керек. Жауап хабарламада абоненттің SIM-картасының аталған технологияны қолдай ма, жоқ па, сол туралы ақпарат келеді.

Қазақстандағы iPhone смартфондарының ресми дистрибьюторы ретінде «Кселл» компаниясы Apple корпорациясынан барлық қажетті сертификаттауды алу процесінде. Бұл осы смартфондарды компанияның абоненттерімен LTE ауқымды іске қосуда еркін және қолайлы пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Наурыз айының соңына «Кселл» Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Петропавловск және Семей секілді 12 қалаларында 40-тан астам сауда-ойын сауық орталықтарында, бизнес-орталықтарында және танымал фитнес-орталықтарында LTE сынамалық аймақтарын ашуды жоспарлап отыр.