Көкшетаулықтар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Қарағанды қаласында ересектер және жастар арасында FCF MMA қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің 11 өңірінен жиналған 200 спортшы қатысып, бақ сынады. Көкшетау қаласынан барған 7 спортшының ішінде, ересектер арасында 71 және 46 келі салмақта сынға түскен Ибрагим Беков пен Олжас Ералин екінші және үшінші орындарды еншіледі.